Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Канададан жеңілді

Опубликовано:

Хоккей
Фото: Ольга Бугаева

Қазақстан хоккейден Әлем чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

Топтық кезеңде тағы бір кездесуін Канада құрамасына қарсы өткізді. Рига мұз айдынындағы ойын 2:4 есебімен қарсыластар еншісіне шешілді. Ел құрамасынан Никита Михайлис көзге түсіп, екі рет шайбаны қарсыластар қақпасына соқты. 

Еске салайық, Дубай қаласында (БАӘ) бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды.

Жартылай финалдың қорытындысы бойынша бірден тоғыз қазақстандық боксшы құрлық біріншілігінің финалына шықты. Алуа Балкибекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Владислав Кухта, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Фариза Шолтай, Ляззат Күнгейбаева және Валентина Хальзова алтын медаль үшін жұдырықтасады. Тек Мария Вольнова ғана турнирдің қола медалін еншілеп, финалға шыға алмады.

Ал оған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде екі қазақстандық боксшы ұтылып қалған болатын.

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Сабырхан Махмұд үндістандық Мохаммад Хассан Уддиннен 5:0 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу барысында қарсыласынан әлдеқайда қарымды көрінген Сабырханның дәл бұлай жеңіліске ұшырауы жанкүйерлердің ашуын туғызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915024-xokkeiden-alem-cempionatynda-qazaqstan-kanadadan-zenildi/

pixel