Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда жоғалып кеткен бір үйдің 4 баласы табылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жоғалған төрт бірдей баланы тауып, ата-анасына тапсырды деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, тез арада көмек керек болып тұрғанын жеткізген.

Әйелдің сөзінше, оның 11 жастағы қызы мен жеті, бес және төрт жастағы ұл балалары таңғы уақытта үйдің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен.

Анасының өз бетінше балаларын жарты сағаттай іздегені белгілі болды.

Одан нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Оқиға орнына бірнеше топқа бөлінген полиция қызметкерлері тез арада жетті.

Жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Куәгерлерден сұрастырды, көше-көшені, үйлерді ретімен мұқият қарап шықты.

Одан бөлек, қараусыз қалған үйлер де тыңғылықты тексерілді.

Бірнеше сағатқа созылған полицейлердің іздестіруі оң нәтиже беріп, балалар сегіз шақырым қашықтықтағы басқа көшеден табылды.

Осылайша ойнап жүріп адасқан бүлдіршіндерді ювеналды полиция тобының инспекторы Тойлыбай Қоштаев аман тапты.

Тәртіп сақшылары балалардың ас-суын беріп, жағдайы жақсы екеніне көз жеткізіп, ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Балаларды үйлеріне қайтарды.

Өз кезегінде түркістандық келіншек тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кішкентай ұл-қыздарыңызға абай болып, оларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915029-turkistanda-zogalyp-ketken-bir-uidin-4-balasy-tabyldy/

pixel