Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде білім беру процесінде мессенджерлерге тыйым салынуы мүмкін

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Қазақстанда білім беру процесінде мессенджерлерге тыйым салынуы мүмкін. Бұл білім министрлігінің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарында көрсетілген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуінде "2021-2022 оқу жылында білім беру тиімділігін арттыруға" бағытталған оқу жылының қорытындысы бойынша жоспарлар слайды көрсетілген.

Ол білім беру процесінде мессенджерге тыйым салу мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамыту үшін қажет деп санайды.

2020 жылдан бастап пандемияға байланысты қазақстандық оқушылар қашықтан оқуға мәжбүр болды. Алғашқы сабақтар онлайн форматында өтті, алайда Желі бір мезетте пайдаланушылардың көптігіне шыдас бере алмағандықтан, министрлік онлайн-стримингтен бас тартты.

Сабақ арнайы интернет платформалар мен ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар бір-бірімен мессенджерлер арқылы байланысты.

Басылым дерегінше. білім министрлігінің қандай балама ұсынатыны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар, министрдің халыққа есеп беру кездесуінде оқытушының бірі Аймағамбетовке декретте отырған мұғалімге мектепке оралу үшін сертификат алу қажет пе деген сауал қойды.

"Биыл мектепке жұмысқа қабылданатындардың бәрі сертификат алуы керек деп жатыр. Мен үш жыл бойы декретте отырдым, жұмыс істеген жоқпын. Сонда бұл сертификатты мен де алуым керек пе?", - деді ол.

"Бұл сіздерге қатысты талап емес. Егер сіз декретте болсаңыз, мектепке оралып, әрі қарай жұмысыңызды жалғастыруға болады. Сіздерден ешкім ешқандай жаңа сертификат талап етпейді", - деп жауап берді білім және ғылым министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915031-elimizde-bilim-beru-procesinde-messendzerlerge-tyiym-salynuy-mumkin/

pixel