Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент аттракционындағы жеткіншек өлімі: Қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

карусель11
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте аттракционнан құлап, мерт болған 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қалалық технопарктегі кәмелет жасына толмаған азаматтың өліміне қатысты әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы) бойынша қылмыстық істі тіркеді", - дейді Шымкент қаласының полиция департаменті.

Сонымен қатар, ведмоство сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкенттегі "Қиял әлемі" технопаркіндегі аттаркционнан 17 жастағы жасөспірімнің құлап, көз жұмғаны хабарланған еді.

Ол оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған. Қазір парктің жұмысы тоқтап тұр.

Отырар арнасының инсайдерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, жеткіншек мектепті бітірген және аталмыш аттракционда жұмыс істеп жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915069-symkent-attrakcionyndagy-zetkinsek-olimi-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel