Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шарын шатқалындағы қайғылы жағдай: Экскурсияда мектеп оқушылары болған

Опубликовано:

Шарын
Фото: ҚР ТЖМ

Кеше 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүріп, салдарынан екі адам көз жұмып, алтауы жарақат алды. Сонымен қатар, бір турист із-түзсіз жоғалды. Ал Алматы облысының білім басқармасы экскурсияда мектеп оқушылары болғанын мәлімдеді деп жазады zakon.kz.

"Шарындағы қайғылы оқиғаға қатысты. Әлеуметтік желілерде 300 оқушының экскурсияға барғаны туралы ақпарат тарады, алайда бұл шындыққа сәйкес келмейді. Оқушылардың саны нақтылануда. Зардап шеккендердің саны, экскурсияны кім және не үшін ұйымдастырғаны туралы барлық мәліметтер нақтылануда. Облыстың білім басқармасы мен әкімдік ақпарат жинастырып жатыр. Барлығы анықталған соң ақпаратты ұсынады", - деді Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, кеше Алматы облысында орналасқан Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды, тағы алты адам зардап шегіп және тағы бірін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 7 жігіттің екеуінің денесі табылды, үшеуі аман-есен жақындарымен қауышса, тағы екеуін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915095-saryn-satqalyndagy-qaigyly-zagdai-ekskursiyada-mektep-oqusylary-bolgan/

pixel