Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер мамырдың 30-ы күнгі ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Қазақпарат "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер өтіп, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республиканың оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте және оңтүстік-батыста тұман түседі деп күтіліп отыр.
- Жамбыл мен Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Синоптиктер Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал екенін жеткізді.
- Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең тұман түседі.
- Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
- Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
- Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, Маңғыстау облысының аумағында тұман түседі.
- Маманда ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
- Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915096-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/