Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шарын шатқалындағы селден қаза тапқандар туралы тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Шарын
Фото: 24kz

Кеше, 29 мамырда Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүріп, салдарынан екі адам қаза тауып, алтауы жарақат алды. Бүгін қайтыс болғандардың жеке басы анықталды. Олар Алматы қаласындағы №199 гимназияның оқушысы және мұғалімі деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ порталы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше Шарын шатқалында қайғылы жағдай орын алды. Өкінішке орай, келіп түскен ақпаратқа сәйкес, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы жағдай салдарынан 1 оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қайтыс болды, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қаза болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, білім және ғылым министрлігі ата-аналар мен мұғалімдерге сапарға шыққан кезде барынша сақ болу керектігін ескертті.

"Оқу жылы аяқталған уақытта оқытушылар мен ата-аналар өз сапарларын жоспарлап қойған болар. Осы орайда өздеріңізге және балаларыңызға сақ болуларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше абай болып, балалармен демалуға не экскурсияға барғанда, су қоймаларына түспегендеріңіз дұрыс. Сонымен қатар қауіпті аймақтарға жақындамай, әрдайым балаларыңыздың жанында болыңыздар. Себебі сіздің өміріңіз бен амандығыңыздан қымбат ештеңе жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін сел кезінде жоғалып кеткен он бір жастағы мектеп оқушысының табылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1915116-saryn-satqalyndagy-selden-qaza-tapqandar-turaly-tyn-derekter-paida-boldy/

pixel