Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шарын шатқалынан табылған қыз бала оқиғаның қалай болғанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Шарындағы құтақрылған қыз11
Кадр: ТЖМ ұсынған видеодан

Шарын шатқалында сел жүргенде жоғалып кетіп, бүгін аман-есен табылған 11 жастағы оқушы оқиғаның мән-жайын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жаңбыр жауып кетті, бәріміз сыныппен тығылдық. Кейін бұршақ жауып, су жинала бастады. Біз тастан ұстап тұрдық, алайда тас бізді көтермей бөлініп кетті. Мен барлығын ұстап тұруға тырыстым, сосын жібере салдым", - дейді ол.

Оларды су ағызып кетті ме деген сауалға қыз бала:

"Нақты не болғанын білмеймін, мен көзімді ашқан жоқпын. Сосын тастан ұстап, оның үстіне шықтым. Сол жерде жаға бар, әріқарай жағаға шықтым", - дейді 11 жастағы оқушы.

Осы орайда дін аман табылған қыз баланың әкесі құтқарушыларға алғысын айтты.

"Қызымыз аман-есен табылды. Төтенше жағдай қызметкерлеріне, іздеуге атсалысқан адамдарға алғысымыз шексіз. Көрер жарығы бар болып тұр ғой", - дейді ер адам.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Бүгін селмен ағып кеткен оқушы қыздың табылғаны хабарланды және оны құтқару сәтінен видео да жарияланды.

Сондай-ақ, селден зардап шеккендердің жағдайы да белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915129-saryn-satqalynda-zogalgan-qyz-bala-oqiganyn-qalai-bolganyn-aityp-berdi-video/

pixel