Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының тауларында жоғалған қалған екі туристі іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр (фото)

Опубликовано:

Іздеу11
Оқиға орнынан фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Полицейлер мен құтқарушылар Түркістан облысының тауларында жоғалған қалған екі туристі іздестіру жұмысын жалғастыруда деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің бспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бесінші тәулік қатарынан құтқару жасақтары 6 мобильді топқа бөлініп, шатқалдарды әр метр сайын тексеруде.

Түркістан85
Оқиға орнына фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Айта кетейік, ондағы шатқалдардың саны 200-ге жуық және Өгем тау өзенінің жағасы бар. Ол жерден осыдан бір күн бұрын тағы екі жас жігіттің денесін табылған болатын.

Түркістан75
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Құтқару жасақтары тауда түнеуде. Осы күндері олар мемлекеттік парктің 40 000 гектар жерін жаяу жүріп тінтіп, тексеріп шыққан. Тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем паркін яғни 149 000 гектар аумақты айналып өткен.

Түркістан іздеу8
Оқиға орнынан фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Бүгінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полиция, құтқарушылар, шекарашылар мен парк қызметкерлері екі туристі іздеу жұмыстарын тоқтатпай, оларды аман-есен табамыз деген үмітпен іздестіру жұмыстарын бір минутқа да тоқтатпай, жалғастыруда.

Түркістан іздеушілер11
Оқиға орнынан фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Түркістан іздеу64
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Еске салайық, Түркістан облысы, Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 2021 жылғы 25 мамырда 18 сағат 30 минутта түскен болатын.

Белгілі болғандай олар 21 мамырда жаяу "Сары-айғыр" шатқалына бет алған және 24 мамырда қайту қажет болған. Алайда қайтар жолда адасып кеткен.

28 мамырда жігіттердің үшеуі табылды. Кейін ТЖМ туристтерді эвакуациялау сәтінен видео да жариялаған еді.

29 мамырда тағы екі туристің денесі табылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915131-turkistan-oblysynyn-taularynda-zogalgan-qalgan-eki-turisti-izdestiru-zumystary-qalai-zurip-zatyr-foto/

pixel