RU

Қарағанды облысы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастады

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1405 адам тіркелді. Олардың 323-і Қарағанды облысынан деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 172
  • Алматы қаласында - 230
  • Шымкент қаласында – 39
  • Ақмола облысында - 80
  • Ақтөбе облысында - 32
  • Алматы облысында - 89
  • Атырау облысында - 49
  • Шығыс Қазақстан облысында - 79
  • Жамбыл облысында - 24
  • Батыс Қазақстан облысында - 75
  • Қарағанды облысында - 323
  • Қостанай облысында - 41
  • Қызылорда облысында - 15
  • Маңғыстау облысында - 36
  • Павлодар облысында - 65
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 40
  • Түркістан облысында - 16.️

Осылайша, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 386 549-ға жетіп отыр.

Еске салсақ, кеше денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария еткен болатын.

Оған сәйкес, 30 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Сонымен қатар, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, COVID-19 вакцинасын алған адамдарға 1 маусымнан бастап қағаз нұсқадағы анықтама беріледі.

Айта кету керек, қаулыда медицина қызметкерлерінің мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі адамдар тобына жататын жандарға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін олардың үйіне баратыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915166-qazaqstanda-otken-taulikte-1405-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/