Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

Опубликовано:

Қылмыскер
Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мүшелері 3 жыл ішінде 2 млрд теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Теміртау қаласында 6 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы салық төлеуден жалтарғысы келетіндерге көмектесу мақсатымен қызмет еткен.

Осы мақсатта заңсыз қызметке ҰҚТ бақылауындағы 8 жалған фирма тартылған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 млн теңге көлемінде залал келген.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданған, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынған.

Еске салсақ, қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жылдары оған бағынышты 7 компания арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ қызметінің жолын кескені туралы хабарлаған едік.

Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысымен бірге 6 адам болды.

Оған қоса, Павлодар облысында төрт жылдан астам уақыт бойы "өзара есеп айырысу" бойынша жалған есеп құжаттарын берумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 500 миллион теңгеден астам шығын келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915199-qaragandyda-2-mlrd-tengeni-qolma-qol-aqsaga-ainaldyrgan-qylmystyq-top-ustaldy/