RU

Алматы - Нұр-Сұлтан рейсінде жолаушы ұшақтың бортында жанжал шығарды

Авиапассажир сидит в окружении полицейских
Кадр : instagram.com/astana_sergek

Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі ұшағында жолаушы жанжал шығарды деп хабарлайды Қазақпарат.

FlyArystan баспасөз қызметі оқиғаның 30 мамырда болғанын мәлім етті.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, жанжал шығарған жолаушыны ұшақтан шығаруға байланысты рейс кешіккен.

Жолаушыға тіркеу кезінде және бортқа отырғызу рәсімі кезінде жүгін тіркемесе, рейске жіберілмейтіні туралы екі мәрте ескертілгені белuілі болды.

Өйткені тасымалдау ережелеріне сәйкес бортқа бір қол жүгі бар жолаушылар ғана жіберіледі.

Компания қызметкерлерінің сөзінше, аталған жолаушы авиакомпания қызметкерлері талабын орындамаған.

Жолаушы ашу-ызасын көрсетіп, қызметкерді итеріп, бортқа кіріпті.

FlyArystan өкілдері оның басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызғаны өкінішті деп отыр.

"Алайда авиакомпания ережелерін сақтамаған жағдайда біз авиациялық қауіпсіздік рәсімдерін ұстануға мәжбүрміз. Жолаушыны борттан шығарған кезде біз әуе кемесі мен жолаушыларды қайта тексеруге тиіспіз", - деп түсіндірді FlyArystan компаниясының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915272-almaty-nur-sultan-reisinde-zolausy-usaqtyn-bortynda-zanzal-sygardy/