Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 749 мыңнан аса адам атаулы әлеуметтік көмек алған

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қазақстанда жыл басынан бері 749 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай  бойынша, 152,3 мың отбасындағы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына төмен азаматтарға тағайындалады.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 мамырда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 181,8 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 112,4 мың отбасындағы 570,5 мың қазақстандыққа 2021 жылғы 1 мамырға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915276-qazaqstanda-749-mynnan-asa-adam-atauly-aleumettik-komek-algan/

pixel