Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО түрмесінде отырған сотталушы әйелдер балаларымен "ойша" қалай кездесті

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында түрмеде отырған аналар балаларына арнап ерекше шара өткізді. Олар балаларының суретін іліп, олармен "ойша" кездесіп, 1 маусым балалар қорғау күнімен құттықтады деп хабарлайды altaynews.kz.

Тағдырдың тәлкегімен түрмеге түскен әйелдер балалармен жыл сайын тек "ойша" кездесеміз дейді.

Мәселен олар түрмедегі демалыс бөлмесінде психолог пен тәрбие ісі жөніндегі тәрбиеленушінің көмегімен, балалардың суреті бар көрме ұйымдастырып, оларға арнап концерт ұйымдастырған. Аналар онда тіпті балаларына арнап ән мен жыр да оқыған.

"Біздің әйелдер осындай іс-шара арқылы өздерінің балаларына деген махаббатын, сағынышын жеткізгісі келеді", - дейді мекеме басшысы Анар Сәбитова.

Сотталушылардың айтуынша, олар темір тордың арғы бетінде балаларын қатты сағынады.

"Сағынамыз әрине. Бүгінгі шарада мен оларға өлең оқып тұрып, оларды ойша елестетіп, балаларыммен кездесіп жатқан сәтімді көруге тырыстым. Біз оларға тек бақыт қана тілейміз және балаларымызбен көп ұзамай кездесетінімізге сенеміз",-дейді сотталушылардың бірі Лариса Антонюк.

Оның сөзінше, ол балалар қорғау күнін балалармен атап өтпегеніне аттай 12 жылдың жүзі болды дейді.

"Түрмеде отырсам да әр мереке сайын балапандарымды ойша құттықтап жатқанымды елестетемін. Әрине бостандыққа шыққаннан кейін оларды әр мереке сайын құттықтап отырамын деген сенімдемін. Бұл мереке балаларды қорғау күні деп аталады, ал мен балаларымды нашақор әкелерінен қорғау үшін 12 жыл бұрын қылмыс жасап, 20 жылға сотталдым", - дейді түрмедегі келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915288-sqo-turmesinde-otyrgan-sottalusy-aielder-balalarymen-oisa-qalai-kezdesti/

pixel