Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі мың адам жиналған: Алматыда фестиваль өткізгендерге қатысты іс қозғалып жатыр

Опубликовано:

коронавирус қала маска
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда екі мың адамның басын қосып, фестиваль ұйымдастырғандар жауапқа тартылады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

29 мамырда сағат 20.30 шамасында Медеу ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде мониторингтік топ өкілдері Offtop club ғимаратының аумағында жаппай фестиваль өткізу фактісін анықтады.

"Қоғамдық орында арақашықтықты сақтамай, бетпердесіз жүрген 2 000 қала тұрғыны бір жерге жиналып, уақыт өткізген. Сонымен қатар, Shake fest фестивалінің алаңына азаматтар Ashyq қосымшасын пайдаланбай, тіркеусіз кіргізілген", – делінген хабарламада.

Мониторингтік топ өкілдері мекеме иесімен және фестиваль ұйымдастырушыларымен пандемия кезінде карантиндік шектеулерді сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткізген. Алайда қала әкімдігінің ақпаратынша, клуб иесі жазбаша түрде түсініктеме жазудан және өзі жетекшілік ететін мекеме туралы ақпарат беруден бас тартқан.

Қазіргі кезде бұл іске қатысты тиісті деректер жиналып, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915332-eki-myn-adam-zinalgan-almatyda-festival-otkizgenderge-qatysty-is-qozgalyp-zatyr/

pixel