Алматыға қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді (фото)
Опубликовано:

Қытайдың коронавирусқа қарсы CoronaVac вакцинасының алғашқы 500 мың дозасы Бейжіңнен Алматыға жеткізілді. Алматылықтар қытайлық вакцинаны ертеңнен бастап салдыра алады деп хабарлады қала әкімдігінің telegram арнасы.
Препаратты қытайлық "Sinovac Biotech Ltd" биофармацевтикалық компаниясы шығарғаны хабарланды. Бұл вакцина қазақстандықтар үшін қолжетімді коронавирусқа қарсы төртінші препарат болмақ.
Препарат арнайы бортпен жеткізілген.

"CoronaVac" вакцинасын еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдағаны атап өтілді. Бұл препаратты тек алматылықтар ғана емес, жалпы ел азаматтары салдыра алады.
"СoronaVac" вакцинасында SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинация 18 жастан асқан тұрғындарға жасалады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915384-almatyga-qytailyq-coronavac-vakcinasynyn-algasqy-partiyasy-zetkizildi-foto/