Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы наурыздан бері алғаш рет COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын коронавируспен күрес жөніндегі ВАК өзінің ресми Telegram-каналында жария етті.

Бірінші маусымда Алматы қаласы наурыз айынан бері алғаш рет "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтіп отыр. Нәтижесінде "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары қалып отыр.

"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар туралы деректі жаңартқанын жазған едік. Соңғы мәліметке сәйкес 1123 адамнан вирус анықталған. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 387 672-ге жетіп отыр.

Одан бөлек, АҚШ коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп коронавирус қытайлық Уханьдағы зертханадан шықты деп мәлімдеген еді.

Ал Джо Байден мен бүкіл демократиялық партия вирустың адам қолымен әзірленгенін мейлінше жоққа шығарып келді. Енді міне, оқиға басқа бағытта өрбіп отыр. АҚШ президенті Джо Байден вирустың зертханада пайда болу ықтималдылығы туралы пікір білдірді.

Байденнің бұйрығы бойынша америкалық арнайы қызмет вирустың Қытайда әзірленуі бойынша нұсқаны тергеп-тексеретін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915390-almaty-nauryzdan-beri-algas-ret-covid-19-dyn-taraluy-boiynsa-sary-aimaqqa-otti/

pixel