Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: ortcom.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алексей Цой республика бойынша коронавируспен ауыру көрсеткіші төмендеп келе жатқанын атап өтті. Өткен аптамен салыстырғанда соңғы жұмада індетке шалдыққандар саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін төмендеген.

"Жалпы соңғы айда ауыру көрсеткіші 1,6 есе азайды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда, өңірлердің қызыл аймақтан біртіндеп шығып жатқаны байқалады, коронавируспен ауыру реалистік сценарий бойынша өрбіп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, күн сайынғы мониторингке сәйкес елде инфекциялық төсек орындар 28 пайызға (9 984), реанимациялық төсек орын 24 пайызға (777) толы.

Алексей Цой тұрақты жағдайды сақтау үшін әкімдіктер вакциналау қарқынын арттырып, халық арасында түсіндіру жұмысын күшейтуі керек екенін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы наурыздан бері алғаш рет COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткенін жазған едік.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар туралы деректі жаңартқанын жазған едік. Соңғы мәліметке сәйкес 1123 адамнан вирус анықталған. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 387 672-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, АҚШ коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915405-coi-elimizde-epidemiologiyalyq-zagdai-turaqtalyp-keledi/

pixel