Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат пен сексті теңдей беру керек": Бақыт Сыздықова тоқал алудағы басты ережені айтты

Опубликовано:

Бақыт Сыздықова
Видеодан кадр: Алты адам шоуы/Youtube

Экс-депутат Бақыт Сыздықова Youtube-тағы "Алты адам" шоуында еліміздегі көп әйел алу мәселесіне қатысты пікірін айтып, тоқал туралы ойын бөлісті. Ол қазіргі таңда қоғамда "тоқал" сөзін оңды-солды қолданып жүргендерді сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжілістің экс-депутаты Бақыт Сыздықова "тоқал" сөзінің қадірін қашырып, оны көңілдестің орнына қолданып жүргендерді сынға алды. Бақыт Сыздықова тоқал тақырыбын ислам дінінен іздеп, зерттеп көргенін жеткізді.

"Тоқал сөзі қазақта бәйбішеден кейінгі кіші әйелі дегенді білдіреді. Оны сүйікті әйелі деп те айтады. Бірақ біз қазір бұл сөздің қадірін қашырып жібердік. Бүгінде оны біз көңілдес сөзінің орнына айтып жүрміз.

Мен мұсылман адам ретінде ислам дініндегі тоқал алу мәселесі туралы оқығанымды айтып берейін.

Біздің ер адамдар төрт әйелге дейін ала алады. Бірақ неге өзін мұсылман санап жүрген ер адам төрт әйел алмайды? Өйткені нағыз еркек жаратушының алдында әр әйелі үшін, әр баласы үшін жауап беретінін біледі. Ол ер адам болғандықтан өзіне жауапкершілік алады.

Екінші әйел алар кезде сен оларға бірдей жағдай жасай алатыныңды түсінуің керек. Алайда онда тек материалдық жағдайды ғана айтып тұрған жоқ, мысалы Араб әмірліктерінен көріп жүргеніміздей, бірінші әйеліңе 10 млн-ға үй алып берсең, тура сол бағаға тоқалыңа да үй алуың керек. Бірақ біз бұл өмірде бәрі материалдық жағдаймен өлшенбейтінін білеміз ғой.

Кешір, сен махаббат пен сексті екеуіне теңдей беруге міндеттісің. Мысалы кіші әйеліңмен аптасына жеті күн бірге болсаң, ал бәйбішеңе бармай, көңіл бөлмесең, сен мұсылман емессің. Міне осыны біздің жігіттер ұмытып кетіп жатады.

Оның үстіне бірінші әйелі күйеуінің екінші, үшінші, төртінші әйелдері бар екенін білуі керек. Бәйбіше тоқалға рұқсат беруі керек, тіпті батасын беруі керек. Тоқал сөзінің қадірін сонша қашырғанымызға қынжыламын", - деді экс-депутат "Алты адам" шоуындағы сұхбатында.

Ол бәйбішесі мен тоқалы бір-бірін танитын отбасыларды білетінін айтады.

"Неше түрлі жағдай болады, мен ондай отбасыларды білемін. Ер адам сүйіп қалады немесе әйел адам жақсы көріп қалады. 40-тан асқанда түсінесіңдер, ер адамның физиологиясы солай қалыптасқан, қартайған сайын оларға жас қыздар ұнай бастайды. Бәрібір ер адам өз қалпын сақтап қала алады. Ал әйел адам бала туады, әжім түседі, мүмкін еріне әйелінің дене мүсіні тартымды болмай қалатын шығар. Бұл физиологиялық процесс", - деп тұжырымдады Бақыт Сыздықова тоқал алуға себеп болатын жағдайларды тізбелей келе.

Экс-депутат Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер көп деген ақпаратқа пікір айтты.

"Ол шындыққа жатпайды. Әр санатқа бөліп қарастыру керек, мысалы ұлдар-қыздар, жасы 40-тан асқандар деген секілді. Біздің елде әйел адам күйеуге шыққысы келсе, некеге дайын болса, әрдайым өзіне лайық күйеу табылады. Өз тәжірибемнен айтып отырмын. Бұл проблема емес, тіпті 47 - ге келсең де", - дейді ол сенімді түрде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915413-maxabbat-pen-seksti-tendei-beru-kerek-baqyt-syzdyqova-toqal-aludagy-basty-erezeni-aitty/

pixel