Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шарындағы қайғылы жағдай қайталанбас үшін қандай шаралар қабылданады

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы әкімдігі туризм басқамасының жетекшісі Сабина Аманкелді ОКҚ өткен брифингте Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайдың сценарийі қайталанбас үшін қандай қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданып жатқанын айтты. Оның сөзінше, тауда жұмыс істейтін барлық гидтің сертификаты бар-жоғы тексеріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сабина Аманкелдінің хабарлауынша, жақын күндері тауларда жұмыс істейтін гид-экскурсия жетекшілері тексерістен өтеді.

"Бұл мамандарда сертификаттардың бар-жоғы тексеріледі, сондай-ақ олардың дайындығы тексерілетін болады. Бұл адамның осындай саяхаттарды ұйымдастыруға қаншалықты құзыреті мен дағдысының бар екенін түсіну үшін жасалады", - дейді Сабина Аманкелді.

Сонымен бірге ол селдің қауіпті аймақтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары бойынша Аюсай мен Ақсай шатқалдарында екі сел бөгеті салынып жатқанын хабарлады.

"Осы құрылысқа байланысты Іле-Алатауы табиғи паркі жаяу туристер үшін соқпақ жол ұйымдастырды. "Қазселденқорғау" ММ көліктегі туристердің жүру регламенті мен жұмыс режимін бекітті. Бұл орындарға 6.00-ден 8.00-ге дейін, 13:00-ден 14:00-ге дейін, 18:00-ден 19:00-ге дейін өтуге болады", - дейді Аманкелді.

Сондай-ақ ол Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында екі бақылау-құтқару бекеттерін салу жоспарлары туралы айтты. Онда алғашқы құрылған 16 адамнан тұратын құтқарушылар отряды тәулік бойы кезекшілік етеді. 2021 жылы таудан жалпы 26 адам құтқарылған.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын мәлім етті. Сондай-ақ сел кезінде жоғалып кеткен оқушы қыздың табылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915463-saryndagy-qaigyly-zagdai-qaitalanbas-usin-qandai-saralar-qabyldanady/