Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құтқарушылар Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмкені тапты (видео)

Опубликовано:

Өгем өзені11
Өгем өзені. Фото: ТЖМ

Түркістан облысының таулы аймағында іздестіріліп жатқан екі туристің біріне тиесілі сөмке Өгем өзенінің бойынан табылды деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстаған. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Аймаққа "Қазавиақұтқару" АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалуда. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде", - дейді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Түркістан облысы, Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 2021 жылғы 25 мамырда 18 сағат 30 минутта түскен болатын.

Белгілі болғандай олар 21 мамырда жаяу "Сары-айғыр" шатқалына бет алған және 24 мамырда қайту қажет болған. Алайда қайтар жолда адасып кеткен.

28 мамырда жігіттердің үшеуі табылды. Кейін ТЖМ туристтерді эвакуациялау сәтінен видео да жариялаған еді.

29 мамырда тағы екі туристің денесі табылғаны хабарланды. Сонымен қатар, қалған екі туристі іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915508-ogem-ozeninin-boiynan-zogalgan-turisterdin-birine-tiesili-somke-tabyldy-video/

pixel