Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина алуға мәжбүрлеген: АҚШ-та 117 қызметкер аурухана басшылығын сотқа берді

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласында Методист ауруханасының 117 қызметкері басшылықтың коронавирусқа қарсы вакцина алуға мәжбүрлегенін айтып, сотқа жүгінді деп жазады centralasia.media.

Сонымен қатар, ауруханаға адамдарға келісімсіз тәжірибе жасауға тыйым салатын 1947 жылғы Нюрнберг кодексін бұзды деген айып тағылып отыр.

Арызда COVID-19 вакцинасы "гендік модификациялау бойынша медициналық тәжірибе" деп аталған.

Медицина қызметкерлерінің шағымына аурухананың бас атқарушы директоры Марк Бум жауап берді.

"Медицина қызметкерлері ретінде қоғамның осал тобына жататын пациенттерімізді қорғау үшін қолдан келгенін бәрін жасау - біздің басты міндетіміз", - дейді ол.

Оның сөзінше, "COVID-19 вакциналарының мұқият жүргізілген сынақтар барысында қауіпсіз әрі тиімді екенін дәлелденген және бұл тәжірибелік екпе емес.

Сонымен қатар, Бум өз сөзінде 26 мың қызметкерден тұратын аурухананың 99 пайызы вакцина қабылдағанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін тең құқықтар бойынша жұмысқа орналасу жөніндегі комиссия өзінің басшылығы ұстанып отырған саясатты сынға алған еді.

Жаңа қабылданған ереже бойынша, жұмыс берушілер заңға сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина алуға рұқсат береді, бірақ жеке себептермен екпе алғысы келмейтіндерді құрметтеуі керек.

Алайда, вакцинациядан өтпеген қызметкерлер маска киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға немесе қажет болған жағдайда жұмыс кестесін өзгертуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915536-covid-ke-qarsy-vakcina-aluga-mazburlegen-aqs-ta-117-qyzmetker-auruxanany-sotqa-berdi/

pixel