Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда сот судьясына қомақты ақша тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр (видео)

Опубликовано:

ақша22
Кадр: видеодан

Ақтауда Маңғыстау облыстық сотының судьясына қомақты қаржы тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, өзін таныстырмаған әйел сот ғимаратына келіп, судья Ғабит Бастаубаевпен кездескісі келетінін айтқан. Алайда мамандар оған ішке кіруге рұқсат жоқ екенін жеткізген.

Осыдан кейін ол ішінде сыйлығы бар пакетті судьяға табыстауды өтініп кетіп қалған.

Күмән туғызған дорбаны ашуға жүрексінген мамандар жедел тергеу тобын шақырытқан. Тінту кезде пакеттің ішінен 300 мың теңге ақша мен иіс су табылған.

"Жедел тергеу тобы аталған пакетті ашып, оның ішінде 300 мың теңгемен бірге ақ қорапты анықтады. Қорапта жарылғыш зат бар-жоғын анықтау мақсатында алдын ала шаралар жүргізіліп, жарылғыш заттың жоғы анықталған кезде одан иіссу алынды. Қазір тергеу жүргізілуде", - дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда үйінен тінту кезінде 10 мың еуро және 3 млн теңге табылған судьяның ісіне қатысты жаңа деректер пайда болғанын жазған едік.

Қазыбек би аудандық сотында прокурорлар айыпталып отырған судья Ержан Ғабдуллинке қатысты айыптау сөзін оқып, қылмыстық істің егжей-тегжейін баяндаған болатын.

Судьямен қоса, "Оливия" ЖШС адвокаты Елена Кантер-Скрипкинаға да айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915574-aqtauda-sot-sudyasyna-qomaqty-aqsa-tastap-ketken-belgisiz-aiel-izdestirilip-zatyr-video/

pixel