Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирек дертке шалдыққан 11 айлық Айсезімге шұғыл көмек қажет

Опубликовано:

Айсезім
Кадр: КТК

Таразда сирек кездесетін дертке шалдыққан 11 айлық сәбидің ата-анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды деп хабарлайды КТК арнасы.

Сәбиге "жұлынның бұлшық еті атрофиясы" деген диагноз қойылған. Мұндай науқастарды отандық дәрігерлер емдеуге қауқарсыз.

Ауыр дертке Айсезім алты айлығында душар болған. Ол отырмақ түгілі, мойнын тік ұстай алмайтын күйге түскен. Тыныс алуы да қиын. Үш күн бұрын жағдайы күрт нашарлап аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

Бүгінде бүлдіршін арнайы аппараттың көмегімен дем алып жатыр. Сәбидің ата-анасы шетелдік клиникаға жүгінген. Клинкадағылар Айсезімнің буынын қатайтып, іс-қимылын реттейтін ақуызды екпе салып емдеуге болатынын айтқан. Алайда препараттың құны өте қымбат – 1 миллиард теңге. Жас отбасының ол дәріні сатып алуға мүмкіндігі болмай отыр.

Ерлі-зайыпты тұңғышының өмірін сақтап қалау үшін жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Отбасына көмек қолын созамын дейтіндер Айсезімнің әкесі Сағыныш Жақсылықтың 8 707 429 29 76 байланыс нөміріне хабарласа алады.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда он жасар бала әкесі үшін жанұшыра көмек сұрап отырғанын жазған едік.

"Әкеміз денсаулығы барда бізді асырап келген. Ол кісі ауырғалы бері бар ауыртпалық анама түсті. Әкем Бағлан Айдарханов 1985 жылғы. 2015 жылдан бері бүйрегі істемей, дәрігерлер толығымен алып тастаған еді. Міне, содан бері ол гемодиализ арқылы өмір сүруде. Әкемнің жағдайы нашарлап бара жатқанын көру маған өте ауыр. Алты жылдан бері төсек тартып жатыр", - дейді кішкентай Ринат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915585-sirek-dertke-saldyqqan-11-ailyq-aisezimge-sugyl-komek-qazet/

pixel