Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирусқа қарсы жетінші вакцинаны тіркеді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қытайлық Sinovac вакцинасын тіркеді деп хабарлайды Би-би-си.

Бұл Sinopharm вакцинасынан кейін ДДСҰ тіркеген екінші қытайлық және әлемдегі жетінші вакцина.

Бұған дейін ДДҰС AstraZeneca вакцинасының екі нұсқасын, Pfizer/BioNTech, Johnson&Johnson, сонымен қатар Moderna вакцинасын тіркеген еді.

Sinovac вакцинасына келсек, бірнеше елде қолданылып жүрген препаратты 18 жастан асқандар салдыра алады. Вакцина екі мәрте салынады. Екі дозаның арасы 2-4 аптаны құрайды.

ДДСҰ мәліметінше вакцинаны тіркеу оның "қауіпсіздігі, тиімділігі және өндіріс жағынан халықаралық стандарттарға сай келетінін" білдіреді.

Зерттеулер Sinovac-ты салдырғандардың жартысынан астамы симптоматикалық аурудың белгілерінен арылғанын және зерттелген науқастардың жүз пайызы ауыр симптомдардан құтылғанын көрсеткен.

Вакцина Қытайдан бөлек Чили, Бразилия, Индонезия, Мексика, Таиланд және Түркияда қолданылуда.

Sinovac компаниясы мамыр айының соңына қарай бұл елдерге вакцинаның 600 миллионнан астам дозасын жеткізгенін хабарлады.

Аталған вакцинаның басты артықшылықтарының бірі - оны стандартты тоңазытқышта 2-8 градуста сақтауға болады.

Бұл Sinovac вакцинасы дамушы елдер үшін әлдеқайда қолайлы екенін білдіреді. Өйткені олар төмен температурада вакцинаның көп мөлшерін сақтай алмауы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың коронавирусқа қарсы CoronaVac вакцинасының алғашқы 500 мың дозасы Бейжіңнен Алматыға жеткізілгенін жазған едік. Бұл вакцинаны алматылықтар 2 маусымнан бастап салдыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915594-dsu-koronavirusqa-qarsy-zetinsi-vakcinany-tirkedi/

pixel