Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 баланы бауырына басқан ақтөбелік отбасы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Отбасы
Кадр: Хабар 24

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар 21 баланы бауырына басқан. Балалар күнінде көпбалалы отбасыға тәртіп сақшылары арнайы сыйлық тарту етті деп хабарлайды "Хабар 24".

Ақтөбелік полицейлер 21 баланы бауырына басқан Жетесовтер жанұясына азық-түлік пен сыйлықтар тарту етті. Полиция департаментінің ұжымы отбасыны мерекемен құттықтап келген.

Үлкен шаңырақтағы балалардың 18-і патронаттық тәрбиеде. Өмірхан мен жұбайы Амангүл оларды жастайынан қамқорлығына алған. Бүгінде балаларды өнерге баулып жүр.

Қазір олардың бірі домбыраның құлағында ойнап, қобыз тартса, енді бірі жетіген, күйсандық пен өзге де аспаптарда шебер ойнайды. Жанұя мүшелерінен құралған отбасылық ансамбль де көпшілікке таныс.

"Балалар өнер мектебінде, колледжде оқиды. Өзіміз апарып, алып келеміз. Тәртіп сақшылары балаларды жылда құттықтап тұрады. 2019 жылдан бері қамқорлығына алған. Мың да бір алғыс айтамыз", - дейді отағасы Өмірхан Жетесов.

Жалпы Ақтөбе қаласында төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған тоғыз мыңнан аса отбасы бар екен.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте 5 айдан бері контейнерде тұрып жатқан көпбалалы отбасы жанайқайын айтқанын жазған едік. Жанұяда жалғыз жұмыс істейтін отағасының жұмыссыз қалуы жығылғанға жұдырық болған.

Алты баланы бағып отырған отбасының үйіндегі газ баллоны осы жылы қаңтардың жетісі күні түнгі сағат үште жарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915602-21-balany-bauyryna-basqan-aqtobelik-otbasy-zaily-ne-bilemiz/

pixel