Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ата-аналар төбелескен парктің бастығы жұмысынан босатылатын болды

Опубликовано:

Саябақ
Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы орталық саябақта карантиндік нормалардың өрескел бұзылуына байланысты бірқатар шенеунікті жазалауды тапсырды. Бұл жайлы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

"Саябақ басшылығы, сондай-ақ қалалық әкімдіктің тәртіп үшін жауапты тұлғалары бұл күні азаматтардың бос уақытын қауіпсіз және санитарлық нормаларға сай өтуін қамтамасыз етпеген. Нәтижесінде 1 маусымда саябақта адамдардың шамадан тыс көп шоғырлануы орын алды. Бұл жағдайдың болуына жол берген жауапты тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланған.

Сонымен қатар, ведомство саябақ басшысы Мәдина Әшірованың қызметінен босатылатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыдағы саябақта ата-аналардың тегін аттракциондар үшін жанжалдасып қалғаны хабарланған еді.

Оқиғаға Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының желідегі хабарландыруы себеп болған. Мекеме сағат 1 маусым балалар күніне орай 12:00 мен 17:00 аралығында 14 жасқа дейінгі балалар бірнеше аттракционға тегін міне алатынын хабарлаған.

Осыған байланысты аттракциондарға кезек пайда болып, кей ата-ана тіпті кезек үшін төбелесіп қалған.

Осыдан кейін Қарағанды әкімдігі Орталық саябақтағы ақылы да, тегін де аттракциондардың жұмысы тоқтайтынын хабарлады. Бұған санитарлық нормалардың сақталмауы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915653-qaragandyda-ata-analar-tobelesken-parktin-bastygy-zumysynan-bosatylatyn-boldy/

pixel