Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат блогерлер мен танымал жұлдыздарды жауапқа тартуды сұрады

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтен қаржылық пирамидаларды заңсыз жарнамалағаны үшін блогерлер мен танымал жұлдыздарды жауапқа тартуды сұрады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұсынған мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейінгі аралықта Қылмыстық кодекстің 217 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 287 құқық бұзушылық тіркелген.

Қазақстан Республикасының "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша келтірілген залалдың мөлшері 8 545 297 645 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, осы қылмысқа қатысты жаңа істер бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет жарияланды. Соңғы үш жылда 10 мыңға тарта азамат осы қаржылық пирамиданың құрбанына айналып, бірнеше миллиард теңге шығынға ұшыраған. 

Жалпы отырыста мәжіліс депутаты Юрий Ли "Мудараба Кэпитал" ЖШС, "Astex.kz" ЖШС, "ACD Technology" ЖШС компанияларына қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатқанын, олар қазақстандық жұлдыздарды осы заңсыз бизнесті жарнамалауға тартқанын жеткізді. 

Оның сөзінше, жақын арада болған атышулы істерді еске түсіретін болсақ, онда заңсыз бизнестің жарнамасына қазақстандық вайнерлер, блогерлер басқа да танымал адамдардың қатысқанын байқауға болады.

Әзірге олардың есімдерін жарияламаймыз, дейді депутат. Өйткені тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Қаржылық пирамиданы жарнамалауға белсенді қатысқан жұлдыздарға "тәуекелсіз инвестиция" үшін үлкен пайда табуға уәде берілген, - деді мәжілісмен.

Ол осы күні жарнамаға қатысқан жұлдыздардың өздері қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінен зардап шектік деп жүргендерін атап өтті. 

Қаржылық сауаттылық деңгейінің төмен болуы, тез ақша табуға деген ұмытылыс азаматтарды осындай шытырман оқиғаларға итермелейтіні анық. Олардың көпшілігі тіпті "тәуекелсіз инвестициялар" үшін несие алып, ақша салған деп отыр. Содан кейін банктер мен әкімдіктерге барып, шу шығарып, несиелерін кешіруді талап етеді. 

Депутаттың сөзінше, егер қазақстандықтар сенетін танымал тұлғалар мұндай заңсыз қаржы пирамидаларын жарнамалауға қатыспаса, материалдық зиян мөлшері мен қылмыстық бизнеске тартылатын азаматтардың саны әлдеқайда аз болуы мүмкін еді.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 150-бабы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды үш айға дейін тоқтата отырып, қаржы пирамидасының қызметін жарнамалағаны үшін әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікті белгілейді. Әрине, бұл реттеушілік тәсіл мыңдаған адамды құрауы мүмкін құрбандар санын және оларға миллиардтаған теңгемен келтірілген материалдық шығынның мөлшерін ескермейді. Нәтижесінде, бұл әлеуметтік шиеленіс ошақтарын тудырады және танымал адамдардың қатысуымен заңсыз қаржылық тәжірибенің алдын алуға ықпал етпейді," - деді Ли.

Депутат Бас прокурордан қаржы пирамидаларының жарнамасына қатысқан атақты адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын-тартылмайтынын хабарлауды сұрайды. Егер тартылмаса, себебі ашық айтылуын талап етіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915703-deputat-blogerler-men-tanymal-zuldyzdardy-zauapqa-tartudy-surady/