Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында полицей көзінің күйгеніне қарамастан ұрыны ұстап үлгерді

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Степногор қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкері көзіне бұрыш спрейі шашырағанына қарамастан ұрылардың бірін қылмыс үстінде ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрыны қылмыс үстінде ұстау көршілердің қырағылығының арқасында жүзеге асырылды. Бұл туралы мамырдың 28-інде Степногор қалалық ПБ басқармасының кезекші бөліміне хабарланды. Онда тұрғын үйдің кіре берісінде күдікті адамдардың жүргені айтылған.

"Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларын көрген қылмыстық топ мүшелерінің бірі полицейдің бетіне бұрыш спрейін шашып жіберді. Алайда, көзінің күйгеніне қарамастан, полиция қызметкері жедел-тергеу тобы келгенге дейін бір қаскүнемді ұстады", - деді ведомстводан.

Күдікті "пәтер ұрысы" ретінде есепте тұрған Көкшетау қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Қаскүнемнің екі сыбайласы қашып кетті. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жері анықталуда. Бұл жолы күдіктілер көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен алтын бұйымдар мен 300 мың теңге көлемінде ақша ұрламақ болған", - деп толықтырды ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915716-aqmola-oblysynda-policei-kozinin-kuigenine-qaramastan-uryny-ustap-ulgerdi/

pixel