Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жыл құлдықта болған теміртаулық келіншекке қайырымды жандар баспана сыйлады

Опубликовано:

Кілт үй1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 22 жыл құлдықта болған жалғызбасты анаға қайырымдылық қоры баспана сыйлады деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Мадина 22 жыл қыстақта құлдықта болған.

Оның үш баласы бар.

"Харекет" қайырымдылық қорының жалғызбасты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстағаны белгілі болды.

"Бұл келіншек туралы "Қайсар" қайырымдылық қоры арқылы білдік. Қор өкілдері оған бостандыққа шығуға көмектескен және онымен бір жыл жұмыс істеді. Ал біз Мадинаға Теміртауда екі бөлмелі пәтер сыйлауды ұйғардық. Пәтер жақсы, жөндеу жұмыстары жасалған", – дейді Қарағанды облысы бойынша "Харекет" қайырымдылық қорының директоры Ақтоты Жүнісова.

Қазір Мадина мен оның балаларының өмірі жақсарып келеді.

Ол қол ұшын созған қайырымды жандарға алғысын білдірді.

"Менің отбасыма көмектескендердің барлығына рахмет айтқым келеді. "Харекет" және "Қайсар" қорларына ерекше алғыс білдіремін. Олар менің аяғыма тұрып, қалыпты өмірге оралуыма кемектесті", – дейді Мадина.

Естеріңізге сала кетейік, "Харекет" қайырымдылық қоры үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор республика бойынша 500-ге жуық отбасын, оның ішінде Қарағанды облысында 80-нен астам жанұяға баспана сыйлады.

"Харекет" жетім, көпбалалы, жесір, жалғызбасты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915729-22-zyl-quldyqta-bolgan-temirtaulyq-kelinsekke-qaiyrymdy-zandar-baspana-syilady/

pixel