Хакерлер қазақстандық банктерден 2 млрд теңге ұрлаған: Сот үкім шығарды
Опубликовано:

Алматыда "Карбанак / Кобальт" трансұлттық киберқылмыс ұйымының екі мүшесі сотталды. Олар қазақстандық екі банктен 2 миллиард теңгеден астам ақша ұрлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
Оңтүстік астананың арнайы прокурорлары анықтағандай, 2016-2017 жылдары сотталушылар екі қазақстандық банктің ақпараттық жүйелерін бұзып, 2 млрд теңге ұрлаған. Сонымен қатар, хакерлер тағы 8 млрд теңге ұрлауға әрекет жасаған.
Олар 250 төлем картасын ашып, зиянды бағдарламалар арқылы банктерден ақша аударған. Карталарды Ресейге, Германияға, Чехия мен Эстонияға, Испания мен Швейцарияға, Словакия мен Польшаға, Нидерланды мен Литваға, сондай-ақ, Бельгия мен Францияға алып шыққан. Ал шет мемлекеттерде ақшаны қолма-қол алып отырған.
Топтың екі мүшесі сегіз жылға колонияға жабылды. Олардың сыбайластарына халықаралық іздеу салынды.
"Карбанак/Кобальт" қылмыстық ұйымы әлемнің 40 елінен 100-ден аса банкті тонаған. Ал топқа әр елдің хакерлері кіреді. Бұл ұйым қызметінен келген залал сомасы шамамен 1 млрд долларды құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915745-xakerler-qazaqstandyq-bankterden-2-mlrd-tenge-urlagan-sot-ukim-sygardy/