Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы күрт өзгереді: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Опубликовано:

жаңбыр қала 65
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Синоптиктер 3-5 маусымға ауа райы болжамын жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Оңтүстік циклонның ықпалымен жаңбыр, республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін", -  деп жазылған хабарламада.

4 маусымнан бастап антициклонның ығысуына байланысты республиканың солтүстік өңірінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанады.

Ауа температурасы түнде плюс 2-7, күндіз 10-20 градус жылы болады.  

Оңтүстік аймақтарда термометр бағаны түнде 10-22, күндіз 28-35 градус жылылықты көрсетеді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915751-aua-raiy-kurt-ozgeredi-sinoptikter-aldagy-us-kunge-bolzam-zasady/

pixel