Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көшелердің бірі бір түнге жабылады

Опубликовано:

Жол жөндеу11
Фото: pixabay.com

Алматыда Сүлейменов көшесі бір түнге жабылады. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС желідегі парақшасында хабарлады.

"4 маусым сағат 22.00-ден 5 маусым сағат 9.00-ге дейін Әуезов ауданында Сүлейменов көшесі бойымен оңтүстік бағытта Талдықорған көшесінен Пятницкий көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі", - дейді мекеменің баспасөз қызметі.

Уақытша шектеудің аталған көше сегментінің көлікі жүретін бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде авариялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты енгізіліп отырғаны белгілі болды.

"Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - дейді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық мобильділік басқармасы әл-Фараби даңғылында 1-10 маусым аралығында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетінін хабарлаған еді.

Бұған әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын ауыстыру, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу себеп болып отыр.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрап, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Сонымен қатар, 2 маусым 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан кей тұрғын үйлерде су болмайтынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915756-almatyda-koselerdin-biri-bir-tunge-zabylady/

pixel