Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жексенбі күні автобустар жүрмейді

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алтыншы маусымда Нұр-Сұлтан қаласында автобустар жүрмейді. Бұл туралы ақпаратты елорда әкімдігінің ресми сайты жария етті.

"Жексенбі күні, яғни алтыншы маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады", - деп жазылған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, жексенбі күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Осы орайда әкімдіктің баспасөз қызметі қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайтынын еске салды.

"Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көлік картасының көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді", - деп қосты баспасөз қызметінде.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық жоба аясында қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл таңбамен белгіленетінін жазған едік.

"Автобус жолағының бас жағын жасыл түспен белгілеу бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы шешім қабылданды. Пилоттық жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұрт назарын аудару мақсатында іске қосылды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта жаңа жол белгілері енгізілетін көшелер пысықталуда деп жазады бұл жөнінде ақпаратты жария еткен елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915828-elordada-zeksenbi-kuni-avtobustar-zurmeidi/

pixel