Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пышақпен қорқытып, смартфонын тартып алған: Алматыда күндіз жас жігітке шабуыл жасалды (фото, видео)

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Телеграм

Оңтүстік астанада, Есентай өзені маңындағы Қожамқұлов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында жас жігітке қарақшылық шабуыл жасалды деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің "MegaPolice NEWS" Телеграм арнасы.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, қылмыс кезінде бір топ жас Есентай өзенінің бойында серуендеп жүрген. Бейтаныс ер адам оларға жүгіріп келіп, жігіттердің біріне пышақпен шабуылдап, смартфонын алып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Бірнеше минуттан кейін шабуыл жасалған аумақты полиция қызметкерлері қоршауға алды.

Көп ұзамай күдікті қолға түсті.

Ол тәртіп сақшыларына өзінің заңсыз ештеңе жасамағанын және жай өтіп бара жатқанын жеткізген. Тінту кезінде ұсталған ер адамның сөмкесінен ұрланған смартфон табылды.

Ол өзінің аты-жөнін құқық қорғау саласының мамандарына айтудан бас тартты, сондықтан күдіктінің жеке басын анықтау үшін оны Алмалы ауданының полиция департаментіне алып барған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шабуылдың сюжеті 1:22 минуттан басталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1915836-pysaqpen-qorqytyp-smartfonyn-tartyp-algan-almatyda-kundiz-zas-zigitke-sabuyl-zasaldy-foto-video/

pixel