RU

Шымкентте түнгі уақытта ойынхана жұмыс істегені әшкере болды

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеген ойынхана анықталды деп хабарлайды polisia.kz.

2021 жылдың 31 мамырында Әл-Фараби АПБ қызметкерлері Әл-Фараби ауданы аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында А. Байтұрсынов пен Т. Рысқұлбеков көшесінің қилысында орналасқан “PINAK 2” ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Сонымен қатар дәл осы ойынхана «Ashyq» бағдарламасына тіркелмей, сағат 22:00-ден кейін де келушілерді қабылдаған. Қызметкерлері ойынхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп келген.

Анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915859-symkentte-oiynxana-tungi-uaqytta-zumys-istedi/