Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Түркістан-Ташкент” халықаралық рейсі ашылады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Өзбекстан Республикасы премьер-министрі Абдулла Ариповтың Қазақстанға сапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Кездесу барысында 2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының ”Түркістан-Ташкент“ бағытында аптасына 2 рейспен (аптаның 1 және 4 күні) ұшатыны келісілді”, - делінген Индустрия министрлігі мәліметінде.

Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын қатаң сақтай отырып орындалады. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістаннан ұшатын рейстер санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915864-turkistan-taskent-xalyqaralyq-reisi-asylady/

pixel