Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киімдері таудағы серуенге арналмаған": Мыңжылқы шатқалында туристер құтқарылды

Опубликовано:

Шатқал
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мыңжылқы шатқалындағы Бастионға шығып кеткен туристер құтқарылды деп хабарлайды Хабар 24.

2 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағына (РЖҚЖ) жартасқа көтерілген туристердің түсе алмай қалғаны туралы ақпарат жеткен.

Оқиға орнына РЖҚЖ жедел тобы шыққан. Шатқалға көлікпен жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді бірден көрген.

Олар 50 градус көлбеудегі жартаста, шамамен 3500 метр биіктікте болған. Сондай-ақ, оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері де келген.

Туристер Шығыс Қазақстан облысынан келген қыз бен жігіт болып шыққан. Екеуі де қатты шаршаған, қызда тау ауруының белгілері байқалыпты. Сонымен қатар, жастардың киімі таудағы серуенге арналмағаны анықталған.

"Екі жедел қызметтің құтқарушылары альпинистік жабдықтардың көмегімен, барлық кедергілерді жеңіп, жастарды арқанмен түсірді. Содан кейін РЖҚЖ құтқарушылары өткел жасап, зардап шеккендерді тау өзені арқылы өткелмен көшірді. РЖҚЖ құтқарушылары жедел көлікпен туристерді қаладағы қауіпсіз жерге жеткізді", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен екі туристі іздеу жұмыстарына Өзбекстан құтқарушылары да тартылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915953-kiimderi-taudagy-seruenge-arnalmagan-mynzylqy-satqalynda-turister-qutqaryldy/

pixel