Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда жұлдыздардың қатысуымен концерт ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Опубликовано:

Концерт
Видеодан кадр: instagram.com/aikyn

Түркістанда пандемия кезінде концерт ұйымдастырғандар жауапқа тартылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Еске сала кетсек, 24 мамыр күні Айқын, Жұлдыз Өмірғали, Құмар Лұқпанов пен Тәуекел Мүсілім және тағы басқа отандық жұлдыздардың қатысуымен тегін концерт өткен болатын.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі карантин кезеңінде мектептегі соңғы қоңырау болмаса да, концерт өткізіліп, адамдардың көптеп жиналғанына наразы болған еді.

Ал бүгін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті концерт ұйымдастырушыларының жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Тәртіп сақшылары іс-шараны ұйымдастырғандарды бірнеше күннен кейін анықтады. Полицияның баянатында, 24 мамырда сағат 19:00 шамасында Түркістан қаласында жаңа кинотеатрдың ашылуына байланысты концерттік шараның өткені айтылған.

Кинотеатрдың ашылу салтанатына орай ұйымдастырыған концертке шамамен 400-450-ге жуық адам жиналған. Карантин режимін бұзған азамат ӘҚБтК-нің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыдағы саябақта карантиндік нормалардың өрескел бұзылуына байланысты бірқатар шенеунік жазаланған еді.

Атап айтқанда, Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланған.

Ал саябақ басшысы Мәдина Әшірованың қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915956-turkistanda-zuldyzdardyn-qatysuymen-koncert-uiymdastyrgandar-zauapqa-tartyldy/

pixel