RU

Отандық эпидемиолог: Коронавирус індетінен тек вакцина ғана қорғай алады

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Эпидемиолог дәрігер Марал Қадыр коронавирус індетінен тек екпе ғана қорғай алатынын жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ол вакцинаның пайдасы ғылыми дәлелденгенін еске салды.

Дәрігердің мәліметінше, бүгінге дейін әлем бойынша 42 мемлекет коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарды. Оның сегізі бүгінде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алып, қолданысқа берілген.

Марал Қадыр вакцинацияны жаппай жүргізудің нәтижесінде бірқатар елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын алға тартты.

"Мәселен, карантин режимі тоқтатылып, маскасыз жүруге рұқсат берілді. Коронавирус індетінен бізді тек екпе ғана қорғай алады. Бұл ғылыми дәлелденген", - деді ол.

Қазір Маңғыстауда отандық QazVac, ресейлік "Спутник V" вакцинасы және арабтың Hayat-Vax екпесі жеткілікті мөлшерде бар. Аймақта вакцинаның екі компонентін алған адам саны - 21 384.

Спикердің сөзінше, бұл – төмен көрсеткіш. Себебі өңірде 656 адам коронавирус індетіне қарсы ем алып жатыр. Оның 219-ы ауруханада болса, 437-і үйде оқшауланып емделуде.

"Науқастар, сөзсіз, көп адаммен байланыста болды. Осы орайда қауіпті індетті таратпау маңызды. Ал бұл үшін екпе алып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Қазір қолданысқа беріліп жатқан нормативтік құжаттарға сай, вакцинаның екі компонентін алған адам ПТР тестісіз, әлем бойынша емін-еркін қозғала алады", - деді Марал Қадыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915970-otandyq-epidemiolog-koronavirus-indetinen-tek-vakcina-gana-qorgai-alady/