Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мектепке кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімі бекітілді

Опубликовано:

мектеп
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді. Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз өткен жылы кірістік. Осы жылдың қаңтар айынан бастап "Білім туралы" заң шеңберінде осы тізімді әзірлеу және бекіту біздің құзыретімізде.

Тыйым салынған заттардың тізімі ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратурамен және Жоғарғы сотпен бірлесіп жасалды", – дейді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзінше, жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.

Мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларының сабақ кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізілмек. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін.

Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болатынын айта кеткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916051-elimizde-mektepke-kirgizuge-tyiym-salyngan-zattardyn-tizimi-bekitildi/

pixel