Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сен жалғыз емессің": Мамандар әйелдерді қолдауға арналған ерекше кітап жазып шықты

Опубликовано:

Роза Аширбаева мен Лаура Сейтбек тұсаукесерде
Роза Аширбаева мен Лаура Сейтбек тұсаукесерде: жеке мұрағат

"Алматы әйелдер орталығы" қыз-келіншектерді дамыту академиясы үш жылдан бергі еңбектің басын құрап, қыз-келіншектерге арналған ерекше туындыны жарыққа шығарды. "Сен жалғыз емессің" деп аталатын кітаптың тұсаукесеріне танымал тұлғалар мен шоу-бизнес өкілдері жиналды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үш жыл бұрын әлеуметтік негізі қаланған орталықтан бүгінде Қазақстан бойынша ғана емес, әлемнің түкпір түкпіріндегі қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр ұлтының өкілдері білім алуда. Орталықтың негізі 2018 жылы маусым айында қаланған.

Ұйымның бастауында тұрғандар - әйел денсаулығы бойынша эксперт, Халықаралық дәрежеде сертификатталған білікті маман Лаура Сейтбек пен тұлғалық даму бойынша эксперт – Роза Аширбаева.

Кітаптың тұсаукесері
Кітаптың тұсаукесері: Алматы әйелдер орталығы

Алматы әйелдер орталығының миссиясы - әр қыз-келіншектің тұлғалыққа ұмтылып, денсаулығына дұрыс қарап, рухани дамып, бақытты, табысты болуына, ертеңгі қоғамға нағыз тұлғаларды тәрбиелеп шығаруына ықпал ету.

Кітаптың тұсаукесеріне отандық эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, "Жігіттер" квартеті, Жазира Байырбекова, Гүлзира Айдарбекова, Қаракөз Сүлейменовалар қатысты.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова
Продюсер Гүлзира Айдарбекова: Алматы әйелдер орталығы

"Бұл кітапты жазудағы мақсатымыз - әйелдердің өзіне деген сенімділігін арттыру. Өйткені, қазіргі қоғамда әйел, ана, келін мәселесі өзектілігін арттырмаса, жоғалтқан емес. Ата-енемен тұратын келін, күйеуінің қылықтарынан секем алған келіншек, өз тұла бойына көңілі толмайтын бойжеткен, бәрі де біздің орталықтан кеңес алып, бақытты өмір сүрудің қағидаларына көз жеткізді. Осы уақыт аралығында бізден мыңдаған қыз-келіншек кеңес алыпты. Солардың бәрін жинақтап, кітап шығаруды көздедік. Бұл әрбір қазақ әйеліне қажетті дүние деп есептейміз", - дейді кітап авторларының бірі Лаура Сейтбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916054-sen-zalgyz-emessin-mamandar-aielderdi-qoldauga-arnalgan-erekse-kitap-zazyp-syqty/

pixel