Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жолаушылар пойызы 9 адамды қағып кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қытайда жолаушылар пойызы темір жолдағы қызметкерлерді қағып кеткен деп хабарлайды РИА Новости.

Үрімшіден Ханчжоуға қарай бағыт алған жолаушылар пойызы темір жолда жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді қағып кеткен.

Қайғылы оқиға жолдың 401-шақырымында, Ганьсу аймағындағы Цзиньчан уезі маңында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша тоғыз адам қайтыс болған. Әзірге төтенше жағдайға қатысты басқа да деректер хабарланбады.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін 10 мамыр күні Ақмола облысының Ерейментау стансасында он жасар ұл баланы пойыз қағып кеткенін жазған едік. Оқушы оқиға орнында көз жұмған.

Сонымен бірге, Үндістанда ержүрек азамат рельске құлап кеткен балақайды ажалдан аман алып қалған болатын.

Оқыс жағдай Үндістанның Мумбаи қаласында 18 сәуір күні болған.

Анасымен бірге темір жол платформасында келе жатқан балақай рельске абайсызда құлап кетіп, қиын жағдайда қалады. Оның өздігінен релсьтен шықпақ болған талпынысынан де еш нәтиже болмайды.

Оған тіпті анасы да қол ұшын соза алмапты. Себебі әйел адамның көзі көрмейді екен. Осы кезде жанталасқан анасы мен баласына Маюр Шелке есімді азамат көмекке келеді.

Темір жолда жұмыс істейтін Маюр балаға қарай пойыз жүйткіп келе жатқанына қарамастан, рельске секіріп, соңғы секундтарда оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Абырой болғанда, екеуі де дін аман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1916055-qytaida-zolausylar-poiyzy-9-adamdy-qagyp-ketti/

pixel