Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік жүреді: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Үсік
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бесінші-жетінші маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатынын болжаған синоптиктер Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында үсік жүруі мүмкін екенін ескертуде.

"Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуі республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді", - дейді "Қазгидромет" мамандары.

Синпотиктердің болжамына сенсек, бесінші-жетінші маусым аралығында еліміздің солтүсігі мен шығысында түнде екі-жеті градусқа дейін жылы болады, кей жерлерде екі градусқа дейін үсік жүреді, ал күндіз 10-20 градус жылы болады.

Қазақстанның оңтүстігінде Түркіменстаннан келетін жылы ауа массаларының әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда үшінші күн қатарынан қолайсыз ауа райы сақталып отырғанын жазған едік.

Қалада үшінші маусым күні кешке қатты нөсер жауынның салдарынан электр жарығы сөнген. Тұрғындар бірнеше сағат бойы жарықсыз отырған. Жаңбыр суы қала көшелерін де басып қалған. Жағдайға қатысты қалалық әкімдік пен БҚО ТЖД пікір білдірді.

Орал қаласының әкімдігінің мәліметінше, маусым айындағы жауын-шашын нормасы 33 мм болғанымен, соңғы он екі сағатта бір жарым айда жауатын жауын жауған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916066-usik-zuredi-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel