Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кейбірінің вакцина алса да, коронавирусты жұқтыруына не себеп: Иммунолог жауабы

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық министрлігі өткізген онлайн дәрісте аллерголог-иммунолог Рафаил Розенсон вакцина алғаннан кейін де вирус жұқтыруға не себеп болуы мүмкін екенін түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Вакцинаның бірінші компонентін алып, ауру жұқтырғандар туралы көп оқып та, естіп те жүрміз. Ондай жолы болмағандар бірен-саран ғана. Ондай адамдар екпе алмай тұрып ауру жұқтырған. Осыны түсіну керек.

Ол вирусты вакцина алмай тұрып кездестірді деген сөз. Сондықтан, вакцина алса да ауырған. Ондай адамдардың да өмірмен қоштасуы өте сирек болады. Бір-екі жағдай болғанын мен де естідім. Вакцина алғаннан кейін, ауырып, көз жұмған. Бірақ бұлар ілеспе аурулары көп, егде жастағы адамдар еді", - дейді дәрігер.

Рафаил Розенсон вакцина алғаннан кейін кемінде 10 күн сақтанып жүру керектігін ескертті.

"Егер адам вакцина алғаннан кейін тым құрығанда 10 күн өткен соң вирусты жолықтырған болса, мұндай қайғылы жағдай болмаушы еді. Вакицна алғаннан кейін вирус неғұрлым кеш жолықса, ағзаға соғұрлым жеңіл болады. Вакцина бірінші күннен бастап қауіпсіздікке кепіл бола алмайды. Екпе алдың ба, алғашқы 10 күнде үйден шықпа, вакцинаға антидене қалыптастырып ал", - дейді маман.

Айта кетсек, бұған дейін Рафаил Розенсон вакцина алғаннан соң қайтыс болған адамдардың ешбірінде дәл вакцинаның дертті өршіткендігі туралы дәлел табылмағанын алға тартқан еді.

"Көбінесе адамдар екі фактордан көз жұмған. Не қан құрамындағы цитокиндердің күрт артуынан, не тамыр ішінде қанның белсенді ұюынан қайтыс болған. Аталған ақауларды вакцина туғызғаны туралы бір де бір дәлел жоқ. Ал адам вакцина алғаннан кейін 14 күн өткен кезде вирус жұқтырса инфекция әлдеқайда жеңіл өтеді", - дейді аллерголог-иммунолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916075-keibirinin-vakcina-alsa-da-koronavirusty-zuqtyruyna-ne-sebep-immunolog-zauaby/

pixel