Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан үш елмен әуе рейстерін көбейтті

Опубликовано:

Әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан Түркия, Өзбекстан және Беларусьпен арадағы халықаралық рейс санын көбейтеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл шешімді Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

2021 жылдың 7 маусымнан бастап қазақстандықтар Антальяға аптасына 8 рет ұша алады.

Сондай-ақ, Өзбекстанмен арада Алматы – Наманған, Ақтау – Нүкіс, Ақтөбе – Нүкіс, Ақтөбе – Самарқанд бағыттарында аптасына 2 тұрақты рейстен ашылады.

Алматы – Минск бағыты бойынша әр тараптан аптасына 2 рейстен орындалады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Бұл бағыттар бойынша "Эйр Астана", SCAT, Turkish Airlines, "Узбекские авиалинии" және "Белавиа" әуе компаниялары ұшады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916141-qazaqstan-us-elmen-aue-reisterin-kobeitti/

pixel