RU

Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Назарбаев
Фото: Twitter

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірнеше тағайындауға қол қойды деп хабарлайды Елбасы сайты.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен:

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан  Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916148-nazarbaev-birqatar-kadrlyq-auys-tuiis-zasady/