Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: ШҚО-да карантиндік шектеулер 19 маусымға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыда Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2021 жылғы 6 маусымнан бастап 19 маусымға дейін шаруашылықпен және өзге де қызметпен байланысты шектеу шаралары ұзартылатыны айтылған.

”Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін“, - деп жазылған құжатта.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында көрсетілген мерзімнің ішінде инфекцияның таралу ахуалы өзгеріп жатса, қайта қаралуы мүмкін екені айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916194-zana-qauly-sqo-da-karantindik-sekteuler-19-mausymga-deiin-uzartyldy/

pixel