Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда алаяқ әйел үй алып беремін деп 23 адамды алдап кетті

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Ақсай қаласында тұратын алаяқ әйел үй алып беремін деп 23 адамды алдап, 15 млн теңгеге отырғызып кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 45 жастағы әйел өзінің жымысқы әрекетін 2020 жылдың көктемінде бастаған.

Үй алып беремін дегенге сеніп қалғандардың арасында Орал, Алматы, Атырау қалаларының тұрғындары бар. Алаяқтың қасында сыбайласы болған. Жәбірленушілерге келтірілген залал мөлшері 15 млн теңгеден асқан.

"Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде. Егер одан жапа шеккендер болса, жергілікті мекенжайы бойынша полиция бөліміне шағымдана алады", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавл тұрғыны алаяққа алданып, сегіз миллион теңгеден аса қаржасынан айырылып қалғанын жазған едік.

Белгілі болғандай 44 жастағы петропавлдық әйелге алаяқ хабарласып, "банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрғанын" айтқан.

Бейтаныс дауыс оған шотында күдік тудыратын әрекеттер жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Осыдан кейін ол тұрғынға ақшаны сақтап қалу үшін "қосалқы шотқа" аудару қажет екенін айтыпты. Оның нұсқауын орындаған әйел нәтижесінде бар жиған-тергенінен айырылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916219-batys-qazaqstanda-alayaq-aiel-ui-alyp-beremin-dep-23-adamdy-aldap-ketti/

pixel