Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданып қалды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған. "Лидер Капитал 168" атты ұйым "өсіммен қайтарамыз" деп жұрттан қомақты қаржы жинап алған. Шығын көлемі 80 млн теңгеден асады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Алаяқ фирманының әрекетін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әшкереледі. Ұйымдастырушы әйел қаржылық ұйымды былтыр ашып, бизнесін жеке пәтерде жүргізген. Айғақ заттар дәл осы үйден тәркіленді.

Ол тұрғындарды ақшасын жоғарғы пайызбен  еселеуге  үгіттеген. Салым сомасын теңгемен 18% , ал доллармен  6% мөлшерінде жыл сайын көбейту шартымен 80 миллион теңгеден астам ақша жинап үлгерген.  

"Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  "Лидер Капитал 168" атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымнан зардап шеккен азаматтардан тез арада хабарласуын сұраймыз. Аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабының 1- інші бөлімі, яғни қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Қарағанды облысы бойынша ЭТД 2-тергеу басқармасының аға тергеушісі Дана Байдүсенова.

А. Қуаш

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916222-qaragandyda-280-adam-qarzy-piramidasyna-aldanyp-qaldy/

pixel